Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің кіші Отаным" атты V республикалық зияткерлік байқауы
30
қараша
2022
"Менің кіші Отаным" атты V республикалық зияткерлік байқауы
Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты V республикалық зияткерлік конкурсының аудандық кезеңнің "Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясының жүлдегері N110 мектеп-гимназияның 9"Б" сынып оқушылары Жақсыбек Аяулым I дәрежелі дипломмен, "Менің кіші отанымның тарихы номинациясы бойынша Жолдыбай Милена III дәрежелі дипломмен, "Менің кіші Отанымның символы" номинациясының ІІІ дәрежелі жеңімпазы Какен Аянат марапатталды. Жауапты жетекшісі география пәнінің мұғалімі Айтымова Динара Ниязбековна.
"Өнерлі өрге жүзеді" атты көркемөнерпаздар байқауы
01
қараша
2022
"Өнерлі өрге жүзеді" атты көркемөнерпаздар байқауы
Алматы қалалық жергілікті "ҰСТАЗ" кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Өнерлі өрге жүзеді" атты көркемөнерпаздар байқауының аудандық кезеңінде "ВОКАЛ" жанры бойынша N110 мектеп-гимназияның "АСЫЛ-АЙ" ансамблі жүлделі ІІ🥈дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ӘРІПТЕСТЕР!!!🌹🌹🌹
"Өз жұлдызыңды жақ" IV қалалық байқауы
01
қараша
2022
"Өз жұлдызыңды жақ" IV қалалық байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастырумен өткен Жас педагогтердің "Өз жұлдызыңды жақ" IV қалалық байқауының ІІ🥈дәрежелі жеңімпазы N110 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есқали Қанағат Қанатұлын жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!👏🏻👏🏻👏🏻
«Namangan open» ашық халықаралық турнирі
29
қазан
2022
«Namangan open» ашық халықаралық турнирі
2022 жылдың 25-29 қазанында, Өзбекстанның Наманган қаласында өткен таэквондодан «Namangan open» ашық халықаралық турнирінде N110 мектеп-гимназияның 11 "Б" сынып оқушысы Абдулла Маржан жүлделі 2🥈орын жеңімпазы атанды. ЖАРАЙСЫҢ, МАРЖАН!!!👏🏻👏🏻👏🏻 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌹🌹🌹
"Күз кереметі" атты І Халықаралық сурет және қолөнер байқауына
27
қазан
2022
"Күз кереметі" атты І Халықаралық сурет және қолөнер байқауына
"Күз кереметі" атты І Халықаралық сурет және қолөнер байқауына N110 мектеп-гимназияның 4-ші сынып оқушылары қатысып, жүлделі І🥇орын жеңімпаздары атанды және N110 мектеп-гимназиясы І🥇орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды. Жауапты жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Өскенбай Жасұлан Әбиұлына шығармашылық табыс тілейміз! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!