11
желтоқсан
2020
"Түнгі қаладағы балалар" дәстүрлі республикалық акциясы
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес және Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде "Түнгі қаладағы балалар" дәстүрлі республикалық акциясы аясында N110 мектеп-гимназияда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында рейдтік шараны мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері жүргізуде. Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, ойын-сауық клубтарға, көпқабатты үйлердің ауласына және жертөрелерге күнделікті ұйымдастырылуда.