25
сәуір
2023
Электрондық темекінің зияны
Алматы қаласы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңес отырысының 2022 жылдың 15 желтоқсандағы нашақорлықтың алдын алу хаттамасына сәйкес, 2023 жылдың 10 наурызы күні №110 мектеп-гимназияның 8-9 сынып оқушыларына №11 емхананың СӨС дәрігері А.У. Кудайбергенова, ДТЖЖО З.О. Раймкулова, мектеп психологтары Г.Д. Әбетова, А.А. Шакирова "Электрондық темекінің зияны", "Темекі шегетін қоспалар" тақырыбында түсіндірме дәріс жүргізді. Дәріс соңында темекі шегудің зияны мен зардаптары туралы буклеттер таратылды.