25
сәуір
2023
Нашақорлықтың алдын алу
Алматы қаласы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңес отырысының 2022 жылдың 15 желтоқсандағы нашақорлықтың алдын алу хаттамасына сәйкес, 2023 жылдың 10 наурызы күні №110 мектеп-гимназияның 8-9 сынып оқушыларына №11 емхананың психологтары Г.Т. Кемелова, Н. Алмуратов, ДТЖЖО З.О. Раймкулова, мектеп психологтары Г.Д. Әбетова, А.А. Шакирова "Нашақорлықтың алдын алу", "Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу" тақырыбында түсіндірме дәріс жүргізді. Дәріс барысында оқушылармен тренинг жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.