ЕDTECH халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған 2024 жылғы ҰБТ-ға байланысты форумға N110 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушылары қатысты. Форумда арнайы спикер Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ жайындағы өзекті сұрақтарға жауап берді.