Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу
22
қаңтар
2024

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу
Алматы қаласы Жетісу ауданы "№110 мектеп- гимназия " коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс сыныптарындағы математика пәні мұғалімі (25 сағат), кәсіби бағдар беруші маманның бос орнына конкурс жариялайды.
Мекен-жайы Айнабұлақ - 3 ықшамауданы, 166 А үй.
Байланыс телефоны 2-52-45-44, 87013112539
электрондық пошта school_110@bk.ru
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мұғалімдер төменде көрсетілген құжаттарды 2024 жылдың 22-30 қаңтар аралығында электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Соңғы жұмыс істеген жұмыс орнынан ұсыныс хат.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: