Қалалық семинар » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ақпан
2024

Қалалық семинар

2024 жыл 21 ақпан күні «№110 мектеп – гимназияда» Алматы қаласы Білім басқармасы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми – әдістемелік орталығының қолдауымен «Жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға «Алматы мектептері» бағдарламасының 1 лек мүшелері мен Жетісу ауданының мұғалімдері мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Аталған шараға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми – әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің әдіскері Исатаева А.С. қатысты.
Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері Розиева Г.Т., Мамедова Г.Я., Спиридопуло В.С., Белоущенко А.С., Масимова З.М., Тенгибаева Р.К., химия пәні мұғалімі Джумагалиева Л.Р., биология пәні мұғалімі Жумабекова Г.М., физика пәні мұғалімдері Алпысбай Қ.М., Серикова К.С., информатика пәні мұғалімдері Оспанова К.Б., Каракулова Ж.Б., Чотаева А.К., Тулегенова Р.А., ағылшын тілі пәні мұғалімдері Изекенова Н.Н., Орынбасар Ж.С. жасанды интеллектіні оқу барысында пайдалануды практикалық сабақтарда көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: