Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қараша
2024

Қалалық семинар

28 қараша күні N110 мектеп- гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кобельдесова С.Т. ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне іс-тәжірибе алмасу мақсатында “Оқушылардың бойына тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру” тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Мектеп директоры Абитова Ж.Н. алғы сөз алып, жылы лебізін білдірді. Іс-шараға «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» бөлімінің жетекшісі Акмагамбетова Р.Г., «Біртұтас тәрбие» бағдарлама бойынша тренері, тарих пәні мұғалімі Нурманова А.Д. қонақ болып келіп, өткізіп жатқан семинардың маңыздылығын атап өтті. Семинар бағдарламасы бойынша ағылшын тілі мұғалімі Изекенова Н.Н "Тәрбие үрдісінде жасанды интеллектіні пайдаланудың тиімділігі", "Шабыт" жобасы бойынша домбыра үйірмесінің жетекшісі Жолымбетова Ж.С., би үйірмесінің жетекшісі Жексембиева С.А. "Өнерлі ұрпақ- кемелді болашақ", "Smart bala" жобасы аясында сынып жетекшілер Аубакирова А. Р., Бейбітқызы А., "Балалар кітапханасы" жобасы бойынша сынып жетекшілер"Жиенбаева А.Ш., Аблаева М.Қ. коучингтер өткізді. Сонымен қатар, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл сыйлауға өнерлі балалар сахнаға шығып өз өнерлерін көрсетуге музыка жетекшісі Оразбаева Л.К., театр жетекшісі Амангельдинова А.К., көркем еңбек пәні мұғалімдері Кулшегашова А.А., Абдуалиева Ұ.С. "Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық" тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: