26
ақпан
2025
Мектеп психологы Әбетова Г.Д. психологиялық ахуал тудырып, "Қауіпсіздік шаралары дегеніміз не?", "Өзіне сенімділік" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
26 ақпан 2025 жылы 7-сынып қыздарына арналған "Қауіпсіздік және жеке шекара" тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздардың өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту, жеке шекараны сақтау және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Кездесу барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кобельдесова С.Т. қыз бала тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтті. Мектеп психологы Әбетова Г.Д. психологиялық ахуал тудырып, "Қауіпсіздік шаралары дегеніміз не?", "Өзіне сенімділік" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кездесуге №11 емханасының мамандары Алмуратов Н.М., Нургалиева С.А. қатысып, "Тазалық – денсаулық кепілі", "Жеке шекараны қорғау" тақырыптарында кеңес берді. Мамандар қыздарға жеке гигиена, өзін-өзі қорғау әдістері және қауіпсіздік ережелері жөнінде маңызды ақпарат ұсынды. Іс-шара аясында "Басқа адамдармен өзіңді қалай ұстау керек" атты бейнеролик көрсетіліп, қыздармен тақырыптық талқылау жүргізілді. Кездесу қыздардың өз құқықтарын білуіне, жеке шекараларын қорғау дағдыларын қалыптастыруға және қауіпсіздік шараларын сақтауға ықпал етті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, маңызды ақпарат алды.