Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылық – қоғамға, мемлекетке, азаматтарға зиян тигізетін іс-әрекет.
01
сәуір
2025

Құқық бұзушылық – қоғамға, мемлекетке, азаматтарға зиян тигізетін іс-әрекет.

Құқық бұзушылық – қоғамға, мемлекетке, азаматтарға зиян тигізетін іс-әрекет.
Оқушылар тарапынан қандай да құқық бұзушылықты болдырмайтын оқудың және бос уақытты өткізудің ең тиімді түрін таңдауда әлеуметтік топтағы балаларға көмектесуді ұйымдастыру мақсатында 2025 жылдың 28 наурызы күні, №110 мектеп-гимназияда «Құқық бұзушылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:
сынып жетекшісі мен оқушылардың ынтымақтастығы»
тақырыбында Жетісу ауданы мектептерінің сынып жетекшілері үшін аудандық семинар өтті.
Семинардың ашылу салтанаты мектебіміздің “Кәусар”, “Балдәурен”, “Балапан” домбырашылар ансамблі, жетекшіісі Жолымбетова Ж.С., “Самал” би тобы жетекшісі Жексембиева С.А. және 5 “В” сынып оқушысы Сатыбалды Жансаяның әдемі әсем әнімен ашылды.
Семинар бағдарламасы бойынша ДТІЖ орынбасары Раймкулова З.О. «Құқық бұзушылықтың
алдын алу - басты міндет», мектеп-психологы Шакирова А.А. «Сынып жетекші мен психологтың девиантты мінез-құлқы бар оқушылармен бірлескен жұмысы» және
7 “Г” сынып жетекшісі Тоқтарбай М.Т., 11 “Г” сынып жетекшісі Аубакирова Г.Е. «Сынып жетекшінің девиантты мінез-құлық оқушылармен жұмысы» тақырыптарында семинар-тренингтер жалғасын тапты. Келген қонақтарымыз өздерінің ойларын ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: