21
сәуір
2025
«Лудомания және интернет: Бос уақытты тиімді пайдалану жолдары»
2025 жылғы 18 сәуір күні №110 мектеп-гимназиясында 6-сынып оқушыларымен «Лудомания және интернет: Бос уақытты тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында тренинг өтті. Мектеп психологы Қойжигитова М.А. жүргізген іс-шара барысында оқушыларға лудомания мен интернетке тәуелділіктің алдын алу, оның зиянды салдары, бос уақытты тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, интернетті пайдалы мақсатта қолдану, цифрлық мәдениетті сақтау мәселелері талқыланып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды.