07
қазан
2025
«Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі
Қарттар күніне орай №110 мектеп-гимназиясында «Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге, қарттарды қадірлеуге тәрбиелеу және олардың өмірлік тәжірибесіне деген құрмет сезімін арттыру. Көрме барысында оқушылар өздерінің жүрек жылуымен салған шығармашылық туындыларын ұсынып, қарттарға деген ыстық ықыластарын сурет тілімен жеткізе білді.