07
қазан
2025
«Қарттарды құрметтеу – ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші
Қазақ халқының ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі – үлкенге құрмет көрсету. Осының дәріптеу мақсатында №24 кітапханада «Қарттарды құрметтеу – ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары: аяулы ұстаз, талай шәкіртті тәрбиелеген Шымбергенова Ұлбала, өмірге құштарлығымен үлгі болып жүрген Тұрсынай Есімханова арнайы шақырылды. Сонымен қатар №110 мектеп-гимназиясының оқушылары көрермен әрі белсенді қатысушы болды.
Кеш барысында оқушылар қарттарға арналған өлеңдерін оқыды. Қонақтар естеліктерімен бөлісіп, өмірлік тәжірибелерімен сыр шертті. Әсіресе жастарға бағытталған ақыл-кеңестері мен жылы тілектері ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында қонақтарға кітапхана атынан алғыс білдіріліп, шағын сый-кәделер табыс етілді. Оқушылар мен қарттар арасындағы жылы диалог пен өзара ықылас кештің негізгі мазмұнын айқындап, ұлттық дәстүріміздің құндылығын айшықтай түсті.