"Көкөніс айы" бағдарламасы
2025 жылдың 17 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №110 мектеп-гимназиясында «Көкөніс айы» бағдарламасы аясында ашық сабақтар өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, мектеп ұжымы аталған бағдарлама бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ соңында мектеп әкімшілігі мен 3-сынып жетекшілері алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар алды.