Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қараша 2025 года » Страница 3
"Кәсіптік бағдар беру"
20
қараша
2025
"Кәсіптік бағдар беру"
Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығының» 011-22/952 04.11.2025ж. хатына сәйкес , 2025 жылғы 19-21 қараша аралығында Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігінің дәстүрлі ресми қолдауымен «Атакент» көрме орталығында ХХIV Қазақстандық халықаралық «Білім және мансап» ұйымдастырылған көрмеге 2025 жыл 19 қараша күні №110 мектеп - гимназияның 9,10,11- сынып оқушылары қатысты.
"Жетістіктеріміз"
20
қараша
2025
"Жетістіктеріміз"
"Кенгуру" олимпиадасы- жетістікке апарар алғашқы қадам! Республикалық "Кенгуру" жалпы пәндік интеллектуалды олимпиадасының I, II, III орын жеңімпаздары 2 "А" сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Карсыбаева Назира Бекжановна. Құттықтаймыз!!
"Ұшқыр ой алаңы"
20
қараша
2025
"Ұшқыр ой алаңы"
"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында сыныптар арасында іріктеу турнирлерін өткізу. Мақсаты: - Оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. - Логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру. - Дарынды және білімге құштар оқушыларды анықтап, қолдау көрсету. - Оқу пәндерін терең меңгеруге ынталандыру.
"Балалық елінің елшісі"
20
қараша
2025
"Балалық елінің елшісі"
Әдеби сағат: «Балалық елінің елшісі» ✨ №24 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен № 110-мектеп гимназиясының оқушылары үшін Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған әдеби сағат өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жас оқырмандарға қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз өнерінің шебері Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның әдебиеттегі орны туралы терең түсінік қалыптастыру. 📚 Оқушылар жазушының еңбектеріне арналған кітап көрмесімен танысып, оның балалар
"Ата-аналарды қолдау"
20
қараша
2025
"Ата-аналарды қолдау"
Ата-аналар қолдау шарасының мақсаты: - Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту; - Ата-аналардың бала тәрбиесіне, оқуына белсенді қатысуын қамтамасыз ету; - Оқушылардың әлеуметтік, психологиялық және академиялық дамуына қолдау көрсету; - Ата-аналарға тәрбие мен білім беру үрдісіндегі рөлін түсіндіру; - Жанұялық құндылықтарды насихаттау арқылы балаға қолайлы орта қалыптастыру.
Таза Қазақстан экологиялық акциясы
17
қараша
2025
Таза Қазақстан экологиялық акциясы
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында мектеп ұжымы мен оқушылардың белсенді қатысуымен жиналған макулатура экологиялық пунктке тапсырылды. Бұл- қоршаған ортаны қорғауға қосқан нақты үлесіміз. Жасыл болашақ үшін бірге еңбек етейік!
"Теңге- тәуелсіздіктің белгісі"
17
қараша
2025
"Теңге- тәуелсіздіктің белгісі"
Ұлттық валюта күніне орай " Теңге - тәуелсіздіктің белгісі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық валюта теңгенің тарихын таныстыру, оның ел тәуелсіздігі мен қаржы жүйесіндегі маңызын түсіндіру және оқырмандардың экономикалық танымын арттыру.