Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Терроризмнің алдын алу"
30
қаңтар
2026
"Терроризмнің алдын алу"
№110 мектеп-гимназияда терроризмнің алдын-алу және телефон арқылы жасалатын жалған хабарламалардың қауіптілігі туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушыларға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, күдікті жағдайларда дұрыс әрекет ету және жалған хабарламалар үшін заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді. Қауіпсіздік-әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
"Заң және тәртіп"
30
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп"
№110 мектеп-гимназияда "Заң және тәртіп" жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларына арналған құқықтық түсіндірме жұмысы өтті. Іс-шараға Жетісу ауданы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Сағатбекова Әсем Елубайқызы және мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Болат Әсел Бақытбекқызы қатысты. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің салдары туралы маңызды мәліметтер берілді.
"Жетістіктеріміз"
30
қаңтар
2026
"Жетістіктеріміз"
7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ" байқауының аудандық кезеңінде "ТАҚЫРЫПТЫҚ АЙТЫС" номинациясының жеңімпазы №110 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Бектенов Хангелді Жетекшісі: Шарипбекова Перизат Пернехановна Құттықтаймыз.
"Діни экстремизмнің алдын-алу бағытында дәріс"
29
қаңтар
2026
"Діни экстремизмнің алдын-алу бағытында дәріс"
Алматы қаласы Дін істері басқармасына қарасты "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан 2026 жылғы 29 қаңтар күні №110 мектеп-гимназияның 9-11 сынып оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын-алу бағытында дәріс өткізді. Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Алматы қаласы Дін істер басқармасына қарасты "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ маманы Аубакирова Айдана Төлегенқызы баяндама жасады. Дәріс барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері,
"Ата-ана жиналысы"
28
қаңтар
2026
"Ата-ана жиналысы"
Ата-ана жиналысы. Мақсаты: ЦППР бағдарламасы шеңберінде ата-аналарды балалардың психологиялық-педагогикалық дамуын қолдау жолдарымын таныстыру, мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын нығайту және бала дамуына бірлескен қолдау көртесу.
"Жетістіктеріміз"
28
қаңтар
2026
"Жетістіктеріміз"
Сыныптың ең үздігі "Жылдың үздік оқырманы" бейнефисі Мақсаты: Оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, үздік оқырманды анықтау және марапаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқудың маңызын насихаттау.
"Балалар кітапханасы"
28
қаңтар
2026
"Балалар кітапханасы"
28 қаңтар күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми- педогогикалық кітапханасының мамандары кітапханада зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында: 📚 кітапхана қызметіне қатысты негізгі құжаттардың дұрыс жүргізілуі; - "Балалар кітапханасы" және " Оқуға құштар мектеп" жобаларының жүзеге асырылу деңгейі тексерілді.