Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"VIII қалалық педагогикалық оқулар байқауы"
26
қаңтар
2026
"VIII қалалық педагогикалық оқулар байқауы"
Бүгін мектебімізде VIII қалалық педагогикалық оқулар байқауының мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, заманауи сабақ үлгілерін ұсынды. Ұсынылған тәжірибелер білім беру үдерісін жаңғыртуға, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Әріптестердің шығармашылық ізденісі мен цифрлық құзыреттілігі жоғары бағалауға лайық. Заманауи ұстаз-үнемі ізденісте! Ұйымдастырушы ДОІЖО Тулетаева К.С.
Қаржылық қауіпсіздік бойынша "Qarzhyskill" аудандық чемпионаты
26
қаңтар
2026
Қаржылық қауіпсіздік бойынша "Qarzhyskill" аудандық чемпионаты
Бүгін №110 мектеп-гимназиясында Қаржылық қауіпсіздік бойынша "Qarzhyskill" аудандық чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылар қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік және жауапты шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Белсенді қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!
«Оқитын ата-ана, оқитын бала»
26
қаңтар
2026
«Оқитын ата-ана, оқитын бала»
«Оқитын ата-ана, оқитын бала» сағаты Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, отбасыда кітап оқудың маңызын арттыру, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту арқылы оқырман мәдениетін дамыту. Міндеттері: Ата-аналар мен балаларды бірлесіп кітап оқуға тарту, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға жағымды көзқарас қалыптастыру. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін
"Балалар кітапханасы"
26
қаңтар
2026
"Балалар кітапханасы"
Бастауыш және орта буын оқушыларының кітап оқуға деген ынтасын арттыру; •Кітапхана қорын тиімді пайдалануға бағыттау; •Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу дағдыларын дамыту; •Сыныптар арасында оқу белсенділігін арттырып, оқырман мәдениетін қалыптастыру.
"Балалар кітапханасы"
26
қаңтар
2026
"Балалар кітапханасы"
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Оқырман достар" кездесуі өтті. Мақсаты: – Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру; – Оқырмандар арасында тәжірибе алмасу, пікір бөлісу мәдениетін қалыптастыру; – Кітап арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау; – Белсенді оқырмандарды анықтап, оларды ынталандыру; – Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
"Баланың оқу сауаттылығын арттырудағы ата-ананың рөлі"
26
қаңтар
2026
"Баланың оқу сауаттылығын арттырудағы ата-ананың рөлі"
"Баланың оқу сауаттылығын арттырудағы ата-ананың рөлі" тақырыбында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-аналарға баланың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудың маңызын түсіндіру, үй жағдайында мағыналы оқуға үйретудің тиімді әдіс - тәсілдерін меңгерту, баланың мәтінді түсініп оқу, ой қорыту, өз ойын жеткізу, дағдыларын дамытуға бағыт беру және ата-ана мен бала арасындағы бірлескен оқу мәдениетін қалыптастыру.
"Заң және тәртіп"
26
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп"
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапты азамат қалыптастыру мақсатында мектеп әкімшілігі 8,9 - сыныптың ұл балаларымен "Заң және тәртіп" жобасы аясында "Жасөспірім және заң: дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және құқықтық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.