Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Терроризмнің алдын алу"
30
қаңтар
2026
"Терроризмнің алдын алу"
№110 мектеп-гимназияда терроризмнің алдын-алу және телефон арқылы жасалатын жалған хабарламалардың қауіптілігі туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушыларға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, күдікті жағдайларда дұрыс әрекет ету және жалған хабарламалар үшін заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді. Қауіпсіздік-әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
"Заң және тәртіп"
30
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп"
№110 мектеп-гимназияда "Заң және тәртіп" жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларына арналған құқықтық түсіндірме жұмысы өтті. Іс-шараға Жетісу ауданы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Сағатбекова Әсем Елубайқызы және мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Болат Әсел Бақытбекқызы қатысты. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің салдары туралы маңызды мәліметтер берілді.
"Жетістіктеріміз"
30
қаңтар
2026
"Жетістіктеріміз"
7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ" байқауының аудандық кезеңінде "ТАҚЫРЫПТЫҚ АЙТЫС" номинациясының жеңімпазы №110 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Бектенов Хангелді Жетекшісі: Шарипбекова Перизат Пернехановна Құттықтаймыз.