"Кәсіптік бағдар беру"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы" Алғашқы Әскери-Технологиялық дайындық бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдың 10 наурызында Жетісу аудандық білім бөлімімен және Қорғаныс істері бөлімінен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің С. Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында 10-11 сынып оқушыларына саяхат ұйымдастырылды. Осы іс-шараға №110 мектеп-гимназиясының 10-шы сынып оқушылары қатысып қайтты.