1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Мен бақытты
29.05.2026 күні №110 мектеп-гимназиясында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Мен бақытты баламын" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Жетісу ауданы қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қалдаров Нұрдаулет және Жетісу аудандық штаттан тыс кеңесшісі Алиев Қайрат қатысты. Мерекелік іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі ойын сауық бағдарламалары, қызықты мастер класстар және флешмоб ұйымдастырылды.