04
мамыр
2026
«1 мамыр – Қазақстан Республикасының Бірлік күні»

Тақырыбы:
«1 мамыр – Қазақстан Республикасының Бірлік күні»
Өткізілген орны:
Мектептің акт залы
Мақсаты:
Оқушылардың ұлттар достығы мен бірлігін нығайту, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Шараның өту барысы:
1 мамыр – Қазақстан Республикасының Бірлік күніне орай 6-сынып оқушылары арасында фестиваль өткізілді. Шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрін, әні мен биін, ұлттық тағамдарын таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Ұйымдастырушылар:
6-сынып жетекшілері
Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Оқушылардың достыққа, бірлікке деген көзқарасы қалыптасып, көпұлтты мәдениетке деген құрметтері артты. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін шыңдап, ерекше әсер алды.