Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу"
30
сәуір
2026

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу"


Алматы қаласы, Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 30 сәуір күні Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Туяқ Бақытжан Нұрболұлының қатысуымен 7-сынып оқушыларына құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға жалпы саны 160 оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушыларға:
* сабақтан себепсіз қалудың салдары,
* нашақорлықтың зияны мен оның құқықтық жауапкершілігі,
* буллингтің алдын алу және оның зардаптары,
* электр самокаттарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері
туралы жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, бөлім прокуроры оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі жайында айтып, құқық бұзушылықтың алдын алу әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық білімін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: