Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Шеберлер қалашығы» ұйымдастырылды.
15
мамыр
2026

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Шеберлер қалашығы» ұйымдастырылды.


15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында №110 мектеп-гимназиясында аналар форумы аясында ашық аспан астында «Шеберлер қалашығы» ұйымдастырылды.
Шара барысында форум қонақтарына арналған бірнеше шеберлік алаңдары жұмыс істеді. Қатысушылар қолөнер бұйымдарымен танысып, шығармашылық жұмыстар көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, «Шабыт» шығармашылық аймағы, «Балалар кітапханасы» және «Эко proect» алаңдары келушілердің қызығушылығын арттырды. Шеберлік қалашығында ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлініп, ұлттық өнер, отбасы тәрбиесі мен салт-дәстүрге байланысты жұмыстар ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, балалар мен ата-аналардың шығармашылық байланысын нығайту және ұлттық тәрбиені насихаттау болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: