18
мамыр
2026
"Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық" тақырыбында дәріс өткізілді.
2026 жылдың 18 мамыры күні №110 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып қыздарына арналған "Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық" тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шараны №11 қалалық емхананың дәрігер акушер-гинекологы Нургалиева С.А. және салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Тұрсын С.С. жүргізді.Дәрігер акушер-гинеколог Нургалиева С.А.ерте жүктіліктің қыз баланың денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашақ өміріне әсері туралы түсіндіріп өтті.
СӨС маманы Тұрсын С.С. салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, қыз балаларға дұрыс күн тәртібін сақтау, дене белсенділігімен айналысу және жеке гигиенаны сақтау бойынша пайдалы кеңестер берді.