29
сәуір
2026
"Құқықтық түсіндіру жұмыстары"
2026 жылдың _29 сәуір күні №110 мектеп-гимназияның акт залында 8-сынып оқушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шараны мектеп директоры Р.Б. Әлдіғазы ашып, кіріспе сөз сөйледі. Ол өз сөзінде оқушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіпке бағыну, буллингтің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну қажеттігін атап өтті.
Іс-шараға Жетісу ауданы Полиция басқармасының майор полиции Азамат Болтатович қатысып, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингтің зияны мен жауапкершілігі, электрондық сигареттердің денсаулыққа әсері, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты коменданттық сағат талаптары жөнінде кеңінен түсініктеме берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шара ұйымдасқан түрде өтіп, оқушыларға пайдалы ақпараттар берілді.