14
мамыр
2026
№110 мектеп-гимназияда жалпықалалық сейсможаттығу ұйымдастырылды.
14 мамыр күні №110 мектеп-гимназияда жалпықалалық сейсможаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты- білім алушылар мен мектеп қызметерлерінің төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру және жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету болды.Жаттығу барысында мектеп ұжымы мен оқушыларға алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау тәртібі таныстырылды. Белгіленген уақытта дабыл белгісі беріліп, оқушылармен мұғалімдер қауіпсіздік талаптарына сейкес мектеп ғимаратынан эвакуацияланды. Әр сынып жетекшісі оқушылардың толық құрамын тексеріп, арнайы жиналу алаңында сапқа тұрғызылды.