Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
мамыр
2026

"Кәсіби бағдар беру"

2026 жылдың 20 мамырында №110 мектеп-гимназиясының 10-сынып ер оқушылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Nº73652 әскери бөлімінде өткен далалық оку-жаттығуға белсене қатысты.
Бұл іс-шара оқушылардың алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша практикалық дайындықтарының маңызды кезеңі болды. Далалық оку-жаттығу жиынында студенттер тәртіпті, ұйымшылдықты, әскери дағдыларды меңгеруге деген қызығушылықтарын көрсетті. Жас жігіттер оқу-жаттығу, атыс және тактикалық жаттығуларға белсене қатысып, әскери қызметтің негіздерін, әскери қызметкерлердің күнделікті тәртібін және қауіпсіздік ережелерін үйренді. Оқушылардың бойында отансуйгіштікке, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін кұрметтеуге, жауапкершілік сезімін, азаматтық борышын өтеуге деген құлшынысын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Далалық оқу-жаттығу жиынына қатысу олардың рухын, командалық рухын және физикалық төзімділігін шыңдауға септігін тигізді.
Әскери бөлімнің қолбасшылығы мен далалық оку- жаттығуды ұйымдастырушы АӘжТД пәні оқытушы- ұйымдастырушылар жоғары денгейде кәсіптіліктерін көрсетті. Барлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сййкес және қауіпсіздік шараларды сақтай отырып өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: