Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ағылшын тілі айлығы"
18
наурыз
2026
"Ағылшын тілі айлығы"
"Ағылшын тілі айлығы" аясында Орынбасар Жазира Сейтбекқызы "My Smart Al: Music and the Film Images" тақырыбында ашық сабақ өтті.
"Ағылшын тілі айлығы "
17
наурыз
2026
"Ағылшын тілі айлығы "
Ағылшын тілі айлығы аясында 17- наурыз 2026 жылы 10 "Б" сыныбы мен "Artificial Intelligence Communication in the Modern World" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жасанды Интеллекттің коммуникациядағы рөлімен таныстыру (чат-боттар, аударма, контент жасау).
"16-наурыз- Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні"
16
наурыз
2026
"16-наурыз- Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні"
"16-наурыз- Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні" Тақырыбы: "Салт-дәстүр- рахани мұра" атты бастауыш сынып ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара басында қазақ халқының маңызды дәстүрлері- бесікке салу, тұсау кетер, сүндет той салттары сахналық көрініс арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық нақышындағы киімдермен дефиле ұйымдастырылып, қыздар ұлттық киімдердің әсемдігін таныстырды.
"Буллингтен қорған - Дос болайық"
16
наурыз
2026
"Буллингтен қорған - Дос болайық"
"Буллингтен қорған - Дос болайық" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
"Ортақ таңдау - ортақ болашақ" тақырыбында концерттік іс-шара өткізілді.
15
наурыз
2026
"Ортақ таңдау - ортақ болашақ" тақырыбында концерттік іс-шара
15 наурыз 2026 жылы №110 мектеп-гимназиясында "Жаңа Конституция-жаңа реформалар" атты референдум күніне орай "Ортақ таңдау-ортақ болашақ" тақырыбында концерттік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында №110 мектеп-гимназия мұғалімдері ән айтып, өлең оқып, сайлауға келген азаматтарды құттықтап, олардың көңіл күйін көтерді. Мектеп ұжымы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй силап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.
"14-наурыз Көрісу күні"
14
наурыз
2026
"14-наурыз Көрісу күні"
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері 14-наурыз- Көрісу күні мерекесіне орай тағылымы мол, әсерлі шара ұйымдастырды. Ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл бас қосуда домдыраның қоңыр үнімен әсем әндер шырғалып, ұстаздар бір-бірімен көрісіп, қазақы дәстүрге сай шашу шашты.
"Ағылшын тілі айлығы"
13
наурыз
2026
"Ағылшын тілі айлығы"
"Ағылшын тілі айлығы" аясында 13- наурыз 2026 жылы 5 "З" сыныбы мен "Smart Classrooms: How Al is Transforming Education" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
"Жетістіктеріміз"
26
ақпан
2026
"Жетістіктеріміз"
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен өткен Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Листая страницы" атты қалалық сурет - иллюстрация байқауында МГ №110 оқушысы 3 дәрежелі дипломмен 6 "д" сынып оқушысы Рахимова Камиля марапатталды, жетекшісі: Абдуалиева У.С
"Сейсмикалық жаттығу"
20
ақпан
2026
"Сейсмикалық жаттығу"
№110 мектеп-гимназиясында жоспарлы сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пысықтап, эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде орындады. Жаттығу барысында барлық сыныптар қауіпсіз аймаққа шығарылып, түгендеу жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қауіпсіздік-басты назарда!
"Жетістіктеріміз"
20
ақпан
2026
"Жетістіктеріміз"
"Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен өткен "Үздік жыл психологы" республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланып, Республикаға жолдама алды. І санат бойынша І орын - №110 мектеп-гимназия педагог-психологі Оспанкулова Даяна Данияровна. Құттықтаймыз.