Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ашық қоғам -жемқорлықсыз қоғам"
19
ақпан
2026
"Ашық қоғам -жемқорлықсыз қоғам"
№24 кітапханада "Ашық қоғам -жемқорлықсыз қоғам" тақырыбында №110 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен ашық диалог өтті. Іс-шара барысында жастар адалдық, әділдік, азаматтық жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Кездесу спикері- Тұрлан Ерболат Мұхтарұлы, "Дегдар" қоғамдық қорының директоры, "Әділет" жастар одағы төрағасының орындасары-қоғамдағы ашықтық пен парасаттылық құндылықтарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Жастар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, еркін пікір
"Әдістемелік көмек көрсету"
19
ақпан
2026
"Әдістемелік көмек көрсету"
Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету туралы анықтама. Мақсаты: 5- сынып жетекшілері Бекзатхан А.Б., Өтжан А.Н., Иманақына Д.Б., Айдарбекқызы Ә. тарапынын жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, іс-қағаздарын (жоспар, хаттама, есеп) сынып жетекші портфолиосын талапқа сай рәсімдеу және толықтыру бойынша әдістемелік көмек көрсету. Құжаттардың жүргізілу тәртібін біріздендіру, сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілін жетілдіру және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
"Тіл ұлт рухы" жобасы
17
ақпан
2026
"Тіл ұлт рухы" жобасы
Бүгінгі демалыс күніміз ерекше әсерге толы болды. "Тіл ұлт рухы" жобасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 5 "Е" сынып оқушыларымен тарихи тұлға Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атамыздың музей-үйіне барып, мол рухани азық алдық. Осындай қасиетті орындар- өткенімізді танып, болашағымызды айқындайтын алтын көпір. Ұлт тарихын ұлықтау-әрбіріміздің парызымыз. Рухымыз биік, тіліміз мәңгі жасай берсін. Жоба жетекшісі: Әлдіғазы Р.Б. Ұйымдастырушы: Тухтабаева Ж.У.
"Дана дәстүр" жобасы
17
ақпан
2026
"Дана дәстүр" жобасы
"Дана дәстүр" жобасы шетелдік тағылымдама аясында 2 "Б" сыныбымен танымдық сабақ өткізілді. Тақырыбы: Салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр-қазақ халқының рухани қазынасы. Сабақ барысында қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, олардың маңызы мен тәрбиелік мәнін білді. Мақсаты: Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу. Жоба жетекшісі:Әлдіғазы Р.Б. Ұйымдастырушы: Аблаева М.Қ.
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
16
ақпан
2026
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
"Кітапханаға кітап сыйла"-бұл адамдарды өздерінде бар немесе жаңа кітаптарды кітапханаға тарту етуге шықыратын игі бастама.
Адамдар арасындағы құрмет, келісім және жеке шекара
16
ақпан
2026
Адамдар арасындағы құрмет, келісім және жеке шекара
Адамдар арасындағы құрмет, келісім және жеке шекара Мақсаты: Оқушыларға адамдар арасындағы өзара құрметтің маңызын түсіндіру, келісім ұғымының мәнін ашу және жеке шекараны сақтаудың қажеттілігін ұғындыру. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және түрлі жағымсыз жағдайлардың алдын алу жолдарын көрсету.
"Тіл ұлт рухы" жобасы
14
ақпан
2026
"Тіл ұлт рухы" жобасы
Бүгінгі демалыс күніміз ерекше әсерге толы болды. "Тіл ұлт рухы" жобасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 5 "Е" сынып оқушыларымен тарихи тұлға Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атамыздың музей-үйіне барып, мол рухани азық алдық. Осындай қасиетті орындар - өткенімізді танып, болашағымызды айқындайтын алтын көпір. Ұлт тарихын ұлықтау-әрбіріміздің парызымыз. Рухымыз биік, тіліміз мәңгі жасай берсін. Жоба жетекшісі: Әлдіғазы Р.Б. Ұйымдастырушы: Тухтабаева Ж.У.
"ҰБТ -ға сеніммен барайық"
13
ақпан
2026
"ҰБТ -ға сеніммен барайық"
2026 жылдың ақпан айында 11- сынып оқушыларына "ҰБТ-ға сеніммен барайық" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты-бітіруші түлектердің емтихан алдындағы қобалжуын төмендету, өзіне сенімділігін арттыру және тиімді дайындық дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар релаксациялық жаттығулар орындап, уақытты жоспарлау мен өз-өзін қолдау тәсілдерін меңгерді. Іс-шара оқушылардың ҰБТ-ға оң көзқарасын қалыптастыруға және психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталды.
"Кәсіптік бағдар беру"
10
ақпан
2026
"Кәсіптік бағдар беру"
Бүгін мектебімізде АУЭС-Алматы энергетика және байланыс университетінің өкілдері кездесу өткізді. Кездесу барысында 11-сынып оқушыларына мамандықтар, оқу бағыттары, грант мүмкіндіктері және оқуға түсу талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздеріне қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтарын таңдауға пайдалы ақпарат алды.
"Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерей тойы"
09
ақпан
2026
"Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерей тойы"
№110 мектеп-гимназияның Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерей тойына орай,       "Әр өлеңі - бір әлем" атты челенджін бастауыш сынып бірлестігіне жолдады. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін насихаттау, мәнерлеп оқу.