«Дос болайық» бағдарламасы
2025 жылдың қазан айында мектебімізде «Дос болайық» бағдарламасы аясында «Менің досым...» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық, өзара түсіністік пен қолдауды нығайту, адамгершілік пен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында оқушылар мен ұстаздар өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін атап, оларды қандай дос ретінде көретіндерін айтып, достық жайлы пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар: Педагог-психологтар