«Қарттарым – асыл қазынам"
2025 жылдың 17 қазанында №110 мектеп-гимназиясында «Қарттарым – асыл қазынам» атты аға буын өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға 15 қадірменді қонақ қатысты. Мектептің кіреберісінде қонақтарды домбыра оркестрі күтіп алды. Мерекелік концерт пен «Блиц-сауалнама», «Әнді жалғастыр» сияқты ерекше форматтағы шаралар ұйымдастырылды. Қонақтар жас ұрпаққа өздерінің тілектерін, ақ баталарын айтты. Мектеп ұжымы оларға алғысын білдіріп, сыйлықтар мен салтанатты дастархан ұйымдастырды. Ұрпақтар сабақтастығы