"Соңғы қоңырау"
Мектебім саған, мың алғыс! Бүгін – жүректер толқыған ерекше күн. Соңғы қоңырау сыңғыры мектеп қабырғасымен қоштасқанымызды білдіріп тұр. Он бір жыл бойы бізге пана болған алтын ұямыз – мектебімізге деген алғысымыз шексіз. Осы жылдар ішінде біз білімнің биік шыңына қарай жол бастадық. Ал сол жолда бізге бағыт көрсеткен – аяулы ұстаздарымыз. Сіздердің әр сабағыңыз, әр ақылыңыз өміріміздің шамшырағына айналды. Қиын сәтте демеп, қуанышта қуанып отырған ұстаздар, сіздерге мың алғыс! Мектеп – бізді