"Кәсіби бағдар беру"
Құрлық әскерлерінің Әскери институтының мамандары №110 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру және түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мамандар әскери жоғары оқу орнына түсу тәртібі, оқу үдерісінің ерекшеліктері, курсанттардың күнделікті өмірі, әскери мамандықтардың маңыздылығы мен болашағы қызметтік мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Қарулы Күштер қатарында қызмет етудің артықшылықтары, әскери тәртіп, патриоттық тәрбие және Отан