"Кәсіптік бағдар беру"
Бүгін мектебімізге профориентациялық жұмыс жүргізу мақсатында Алматы техникалық-экономикалық байланыс колледжінің өкілдері келіп, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, талапкерлерге қажетті бағыт-бағдар көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға пайдалы мәліметтермен танысты. Қонақтарымызға алғыс білдіреміз!