Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сейсмикалық жаттығу"
20
ақпан
2026
"Сейсмикалық жаттығу"
№110 мектеп-гимназиясында жоспарлы сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пысықтап, эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде орындады. Жаттығу барысында барлық сыныптар қауіпсіз аймаққа шығарылып, түгендеу жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қауіпсіздік-басты назарда!
"Жетістіктеріміз"
20
ақпан
2026
"Жетістіктеріміз"
"Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен өткен "Үздік жыл психологы" республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланып, Республикаға жолдама алды. І санат бойынша І орын - №110 мектеп-гимназия педагог-психологі Оспанкулова Даяна Данияровна. Құттықтаймыз.
"Жетістіктеріміз"
20
ақпан
2026
"Жетістіктеріміз"
2026 жылдың 17-20 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсында №110 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Сайлау Баян "Тарих" секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Асқарқожаева А.А. Құттықтаймыз!
"Ашық қоғам -жемқорлықсыз қоғам"
19
ақпан
2026
"Ашық қоғам -жемқорлықсыз қоғам"
№24 кітапханада "Ашық қоғам -жемқорлықсыз қоғам" тақырыбында №110 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен ашық диалог өтті. Іс-шара барысында жастар адалдық, әділдік, азаматтық жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Кездесу спикері- Тұрлан Ерболат Мұхтарұлы, "Дегдар" қоғамдық қорының директоры, "Әділет" жастар одағы төрағасының орындасары-қоғамдағы ашықтық пен парасаттылық құндылықтарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Жастар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, еркін пікір
"Әдістемелік көмек көрсету"
19
ақпан
2026
"Әдістемелік көмек көрсету"
Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету туралы анықтама. Мақсаты: 5- сынып жетекшілері Бекзатхан А.Б., Өтжан А.Н., Иманақына Д.Б., Айдарбекқызы Ә. тарапынын жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, іс-қағаздарын (жоспар, хаттама, есеп) сынып жетекші портфолиосын талапқа сай рәсімдеу және толықтыру бойынша әдістемелік көмек көрсету. Құжаттардың жүргізілу тәртібін біріздендіру, сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілін жетілдіру және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
"Тіл ұлт рухы" жобасы
17
ақпан
2026
"Тіл ұлт рухы" жобасы
Бүгінгі демалыс күніміз ерекше әсерге толы болды. "Тіл ұлт рухы" жобасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 5 "Е" сынып оқушыларымен тарихи тұлға Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атамыздың музей-үйіне барып, мол рухани азық алдық. Осындай қасиетті орындар- өткенімізді танып, болашағымызды айқындайтын алтын көпір. Ұлт тарихын ұлықтау-әрбіріміздің парызымыз. Рухымыз биік, тіліміз мәңгі жасай берсін. Жоба жетекшісі: Әлдіғазы Р.Б. Ұйымдастырушы: Тухтабаева Ж.У.
"Дана дәстүр" жобасы
17
ақпан
2026
"Дана дәстүр" жобасы
"Дана дәстүр" жобасы шетелдік тағылымдама аясында 2 "Б" сыныбымен танымдық сабақ өткізілді. Тақырыбы: Салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр-қазақ халқының рухани қазынасы. Сабақ барысында қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, олардың маңызы мен тәрбиелік мәнін білді. Мақсаты: Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу. Жоба жетекшісі:Әлдіғазы Р.Б. Ұйымдастырушы: Аблаева М.Қ.
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
16
ақпан
2026
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
"Кітапханаға кітап сыйла"-бұл адамдарды өздерінде бар немесе жаңа кітаптарды кітапханаға тарту етуге шықыратын игі бастама.
"Буллингтен қорған-DosbolLIKE"
16
ақпан
2026
"Буллингтен қорған-DosbolLIKE"
"Буллингтен қорған-DosbolLIKE" біріңғай сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға буллингтің (қорлау, мазақ ету, әлімжеттік көрсету) зияны мен салдарын түсіндіру, құрдастар арасындағы сыйластық пен достық қарым -қатынасты нығайту. Жанжал жағдайында дұрыс әкерет етуге, өз құқығын қорғауға, қолайлы орта қалыптастыруға тәрбиелеу.
Адамдар арасындағы құрмет, келісім және жеке шекара
16
ақпан
2026
Адамдар арасындағы құрмет, келісім және жеке шекара
Адамдар арасындағы құрмет, келісім және жеке шекара Мақсаты: Оқушыларға адамдар арасындағы өзара құрметтің маңызын түсіндіру, келісім ұғымының мәнін ашу және жеке шекараны сақтаудың қажеттілігін ұғындыру. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және түрлі жағымсыз жағдайлардың алдын алу жолдарын көрсету.