Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сәуір
2025

«Жеңу: өміршеңдік сабақтары»

2025 жылдың 23 сәуір күні, Алматы қаласындағы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында өткен семинарда еліміздің әр өңірінен келген тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, мектеп психологтері мен әдіскерлер бас қосып, «DosbolLIKE» бағдарламасының пилоттық кезеңі бойынша аралық нәтижелерді талқылады. Іс-шара барысында педагог-психолог Әбетова Г.Д. «Тәлімгерлік пен достық – жанашырлық пен қолдаудың негізгі» тақырыбында баяндама жасап, мектепте жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды. Тәлімгерлік қарым-қатынастың оқушылардың эмоционалдық және әлеуметтік дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ДТІЖО Раймкулова З.О. пресс-конференцияға қатысып, пилоттық жобаның жүргізілу барысы, кездескен қиындықтар мен қол жеткізілген жетістіктер туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жобаның оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және буллингтің алдын алуға бағытталған тиімді құрал екенін атап өтті. Семинар аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы КСРО Халық мұғалімі, аңыз адам Құрмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған «Жеңу: өміршеңдік сабақтары» тақырыбындағы Республикалық бейнехикаялар байқауына мектебіміздің оқушылары белсенді түрде қатысып 10 "Б" сынып оқушысы Парахат Амина "Шығармашылық белсенділік", 8 "Г" сынып оқушысы Халмуратова Дильназ "Шабыттандыратын тұлға" номинациясымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: