"Адал ұрпақ - ел болашағы"
2026 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы Білім басқармасының «№110 мектеп-гимназия» КММ-де «Адал ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар-пікірталас өтті. Семинар барысында адал ұрпақ тәрбиелеудегі мектептің, отбасының және қоғамның өзара байланысы, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық қағидаларын білім беру үдерісіне жүйелі енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, №110 МГ мен №129 ЖББ мектептердің осы бағытта жүргізіп отырған тәрбиелік жұмыстары таныстырылды.