Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қаңтар 2026 года » Страница 4
"Ата-ана жиналысы"
19
қаңтар
2026
"Ата-ана жиналысы"
Мектебімізде ата-аналарға педагогикалық қолдау тренингтері өткізілді. Мақсаты: Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру; Баланың тұлғалық дамуына оң әсер ететін отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту; Отбасына қолайлы психологиялық-педагогикалық ахуал орнатуға көмектесу.
"Оқитын ата-ана, оқитын бала"
19
қаңтар
2026
"Оқитын ата-ана, оқитын бала"
"Оқитын ата-ана, оқитын бала" сағаты Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, отбасыда кітап оқудың маңызын арттыру, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту арқылы оқырман мәдениетін дамыту.
"Бракераждық комиссияның мектеп асханасын тексеруі"
19
қаңтар
2026
"Бракераждық комиссияның мектеп асханасын тексеруі"
2026 жылдың қаңтар айының 19-ы күні бракеражды комиссия құрамы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Бақылау кезінде төмендегі мәселелер қаралды. Жұмыс орнының тазалығы. Ыдыс-аяқтардың сапасы. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы. Күнделікті ас мәзірінің сай дайындалуы, сапасы, нормаға сәйкестігі. Азық-түліктерді талапқа сай сақталу жайы. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
"Ата-ана жиналысы"
16
қаңтар
2026
"Ата-ана жиналысы"
2026 жылдың қаңтар айының 12-16 күн аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында "Бала қауіпсіздігі" атты ата-аналар жиналысты өткізілді. Жиналыс барысында ДТІЖО Раймкулова З.О. мектептегі бала қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар екінші тоқсан қорытындысы: оқу жетістіктері мен қиындықтары, оқушының тәртібі және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
"Таза Қазақстан" акциясы
16
қаңтар
2026
"Таза Қазақстан" акциясы
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық жобасы аясында мектеп ауласында қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп әкімшілі, мұғалімдер және жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Іс-шара қатысқан белсенділерге алғыс білдіреміз.
"Кәсіптік бағдар беру"
16
қаңтар
2026
"Кәсіптік бағдар беру"
Fizmat Education Fair-2026 көрмесіне 9 "В" сынып оқушыларымен барып, болашақ мамандықтар мен білім беру мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды. Оқушылар үшін үлкен мотивация.
"Жетістіктеріміз"
15
қаңтар
2026
"Жетістіктеріміз"
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы дарынды оқушылармен кездесті. «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты кездесуде дарынды шәкіртіміз, Жетісу ауданы №110 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Бектенов Хангелдіге Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хаты мен 300.000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды. ❇️Жеңістің тұғырынан көріне бер. ❇️Жарайсың Хангелді! ❇️Өрең мен өнерің биік болсын!
"Ашық есік күні"
15
қаңтар
2026
"Ашық есік күні"
2026 жылдың 15 қаңтарында ұйымдастырылған "Ашық есік күні" іс-шарасы аясында №110 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №73652 әскери бөлімінде болды. Әскери бөлімге бару №110 мектеп-гимназия оқушыларының ой-өрісін кеңейтіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға жақсы әсер қалдырды. Жалпы №73652 әскери бөлімінде өткен "Ашық есік" күнін өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге септігін тигізіп,
"Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі"
14
қаңтар
2026
"Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі"
Мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі" атты іс-шара ұйымдастырылды.