30
сәуір
2026
«Бір шаңырақ астында» челленджі

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» челленджі
Алматы қаласы, №110 мектеп-гимназиясы Қазақстан Республикасының Бірлік күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты челленджді №129 орта мектепке жолдады.
Аталған челлендждің мақсаты – оқушылар арасында достықты, бірлікті, татулықты насихаттау, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімді қалыптастыру.
Челлендж аясында оқушылар бір шаңырақ астындағы ынтымақ пен бірлікті көрсететін бейнеролик түсіріп, эстафетаны келесі мектепке жолдады.