Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ата-аналарды қолдау"
20
қараша
2025
"Ата-аналарды қолдау"
Ата-аналар қолдау шарасының мақсаты: - Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту; - Ата-аналардың бала тәрбиесіне, оқуына белсенді қатысуын қамтамасыз ету; - Оқушылардың әлеуметтік, психологиялық және академиялық дамуына қолдау көрсету; - Ата-аналарға тәрбие мен білім беру үрдісіндегі рөлін түсіндіру; - Жанұялық құндылықтарды насихаттау арқылы балаға қолайлы орта қалыптастыру.
Таза Қазақстан экологиялық акциясы
17
қараша
2025
Таза Қазақстан экологиялық акциясы
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында мектеп ұжымы мен оқушылардың белсенді қатысуымен жиналған макулатура экологиялық пунктке тапсырылды. Бұл- қоршаған ортаны қорғауға қосқан нақты үлесіміз. Жасыл болашақ үшін бірге еңбек етейік!
"Теңге- тәуелсіздіктің белгісі"
17
қараша
2025
"Теңге- тәуелсіздіктің белгісі"
Ұлттық валюта күніне орай " Теңге - тәуелсіздіктің белгісі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық валюта теңгенің тарихын таныстыру, оның ел тәуелсіздігі мен қаржы жүйесіндегі маңызын түсіндіру және оқырмандардың экономикалық танымын арттыру.
«Дос болайық» бағдарламасы
29
қазан
2025
«Дос болайық» бағдарламасы
2025 жылдың қазан айында мектебімізде «Дос болайық» бағдарламасы аясында «Менің досым...» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық, өзара түсіністік пен қолдауды нығайту, адамгершілік пен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында оқушылар мен ұстаздар өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін атап, оларды қандай дос ретінде көретіндерін айтып, достық жайлы пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар: Педагог-психологтар
Сурет көрмесі
29
қазан
2025
Сурет көрмесі
25 қазан Республика күніне орай сурет көрмесі өтті. Балалар өз қиялындағы Отан бейнесін қағаз бетіне түсіріп, Тәуелсіз Қазақстанның көркем келбетін шынайы сүйіспеншілікпен бейнеледі.
«Менің Отаным – менің жүрегімде»
29
қазан
2025
«Менің Отаным – менің жүрегімде»
«Менің Отаным – менің жүрегімде». Оқушылардың кішкентай жүректерден шыққан жылы сөздері – үлкен патриоттық рухтың бастауы.
«Қыран елім - Қазақстаным»
29
қазан
2025
«Қыран елім - Қазақстаным»
Республика күні мерекесіне 35 жыл толуына орай мектебімізде «Қыран елім - Қазақстаным» атты театрландырылған іс-шара болып өтті. Оқушылар «Анашым», «Томирис», «Мен жастарға сенемін!» секілді сахналық көріністерді шебер орындап шықты. Оқушылардан Отанға деген шексіз махаббат пен патриоттық сезім айқын көрініп тұрды. Ән мен бидің өзін қойылыммен ұштастырған керемет көріністің куәсі болдық. Жарайсыңдар !!! Ұйымдастырушылар: 9 сынып оқушылары
Республика күні
29
қазан
2025
Республика күні
25 қазан Республика күніне орай бірыңғай Гимнді орындады.
«Ұлттық киім күні»
29
қазан
2025
«Ұлттық киім күні»
«Ұлттық киім күні» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында және 2025 жылғы 14 наурызда өткен төртінші отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың (3.7-тармақ) негізінде, ұлттық стильдегі киім кию дәстүрін дәріптеу және насихаттау мақсатында №110 мектеп-гимназиясында «Ұлттық киім күні» іс-шарасы
Үстел теннисі
28
қазан
2025
Үстел теннисі
"25-қазан – Республика күніне орай №110 мектеп-гимназиясында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар өз шеберліктерін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!🏆