Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Салтанатты шеру "Атақты спортшы Назым Қызайбай мен  кездесу"
05
желтоқсан
2025
Салтанатты шеру "Атақты спортшы Назым Қызайбай мен кездесу"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп - гимназиясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай , Қазақстанның 14 дүркін, Әлемнің 3 дүркін чемпионы, 2024 жылы Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбаймен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайдың спорттық жолы арқылы жас ұрпаққа табандылық, жігер, еңбексүйгіштік қасиеттерін үлгі ету, оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
04
желтоқсан
2025
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
110 мектеп- гимназиясында "Гендерлік зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн іс -әрекет" акциясы аясында мектепішілік шахмат жарысы өтті. 1 орынды 5 сынып оқушысы Үсенов Салимхан, 2 орынды 7 сынып оқушысы Жұмаділов Арсен, 3 орынды Азатбақыт Мейірім мен Жеткергенов Нұрадлет иеленіп алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды.
"Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы
03
желтоқсан
2025
"Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы
2025 жылдың 2 желтоқсан күні 7 сынып оқушыларына "Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы шеңберінде "Өмір -ең қымбат құндылық" және "Қиын жағдайдан шығу жолдары" тақырыбында тренинг өткізілді.
"Заң және Тәртіп"
02
желтоқсан
2025
"Заң және Тәртіп"
"Заң және Тәртіп" тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен кездесу өтті. Жетісу аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Сейтқазин Жанғазы Талғатович және аға учаскелік инспектор Асылова Айнұр Аманжоловна мектеп базасында оқушылармен және ата-аналармен "Заң және Тәртіп" бағытында түсіндіру кездесуін өткізді.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
02
желтоқсан
2025
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
2025 жылдың 25 қараша күні "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында №110 мектеп-гимназиясында "Жылы сөз-қолдау жолы" атты фотазона ұйымдастырылды.
"Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы
27
қараша
2025
"Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы
Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз, құрметке негізгелген қоғам құруға үндеу мақсатында 2025 жылдың 27 қарашасы күні "Гендерлік зорлық-зомдылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-әрекет" акциясы аясында "Құрметпен қарайық-зорлық зомбылықсыз қоғам құрайық!" тақырыбында кездесу өтті.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
27
қараша
2025
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
2025 жылғы 25 қарашада Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты халықаралық акциясының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты- қоғамда, әсіресе балалар мен жасөспірімдер ортасында зорлық-зомбылық алдын алу, оның зиянды салдарын түсіндіру, қауіпсіз орта қалыптастыру.
"Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру"
25
қараша
2025
"Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру"
№110 мектеп-гимназиясында жер сілкінісі жағдайындағы іс-қимылдар туралы халықтың хабардарлығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет жасау мақсатында сабақтар өткізілді.
"Сейсможаттығу"
24
қараша
2025
"Сейсможаттығу"
21 қараша 2025 жылы №110 мектеп-гимназияда сейсможаттығу және өрт кезінде эвакуациялық жаттығу өткізілді.
"Кәсіптік бағдар беру"
20
қараша
2025
"Кәсіптік бағдар беру"
Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығының» 011-22/952 04.11.2025ж. хатына сәйкес , 2025 жылғы 19-21 қараша аралығында Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігінің дәстүрлі ресми қолдауымен «Атакент» көрме орталығында ХХIV Қазақстандық халықаралық «Білім және мансап» ұйымдастырылған көрмеге 2025 жыл 19 қараша күні №110 мектеп - гимназияның 9,10,11- сынып оқушылары қатысты.