Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ер- елінің қорғаны”
06
мамыр
2025
“Ер- елінің қорғаны”
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған N110 мектеп-гимназияда “Ер- елінің қорғаны” атты іс- шара өтті. Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген азаматтарға деген ерекше құрметтің белгісі. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, әскери өмірді бейнелейтін көріністер ұйымдастырылды. Ата- аналар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түсті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
"Ерлікке - тағзым, ұрпаққа үлгі"
06
мамыр
2025
"Ерлікке - тағзым, ұрпаққа үлгі"
Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияда Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мерекесі қарсаңында "Ерлікке - тағзым, ұрпаққа үлгі" атты өткізілген қалалық іс-шараның "Ардагерлермен кездесу" мақаласы Almaty AQSHAMY газеті баспасына жарияланды. №41 (6603) 6 мамыр, сейсенбі, 2025 жыл.
«Өмір – ең басты құндылық»
05
мамыр
2025
«Өмір – ең басты құндылық»
2025 жылдың 2 мамыр күні мектеп психологы Койжигитова М.А 7-сынып оқушыларымен «Өмір – ең басты құндылық» тақырыбында тренинг жүргізді. Оқушыларға адам өмірінің негізгі құндылықтары (отбасы, денсаулық, білім, достық, ар-ұят және т.б.) және қиындықтарды жеңу және жауапкершілік сезімін дамыту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Таңғы studio»
05
мамыр
2025
«Таңғы studio»
N110 мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуына орай Қазақстантелеарнасындағы «Таңғы studio» бағдарламасында «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі» атты тағылымды шара көрсетілді.
" 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні "
02
мамыр
2025
" 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні "
Қазақстан көптеген жылдар бойы көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отаны болып келеді. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Осыған орай, қазақстандықтардың басын біріктіретін бірден-бір мереке – 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні деп атап өтілуде. Аталған мерекеге байланысты түрлі құттықтауларды ұсынамыз.
«Баланың ақылы - оның саусағында»
02
мамыр
2025
«Баланың ақылы - оның саусағында»
«Баланың ақылы - оның саусағында» В.А.Сухомлинский Ұсақ моторика - қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы, танымдық құбылыстың негізі. Осы орайда, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әр жұма сайын өткізілетін «Ұлттық құндылықтар» күніне байланысты 6-сынып оқушылары «Қара жорға» әуенімен бірге асықтар арқылы әуен үндестігін қимылмен орындады. Жауапты сынып жетекшілер: 6 “А” с.ж. - Ш.М. Ахметова 6 “Б” с.ж. - А.Р.Аубакирова 6 “В” с.ж. - А. Бейбітқызы
"1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні"
02
мамыр
2025
"1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні"
1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында оқушылар арасында іс- шара ұйымдастырылды.
“Үздік  сценарий” номинациясы
02
мамыр
2025
“Үздік сценарий” номинациясы
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жыл толуына орай “Батырлар сөйлейді…” атты қалалық әлеуметтік жобаға N110 мектеп- гимназияның 4ж,4з сынып оқушылары қатысып I ДӘРЕЖЕЛІ диплом “Үздік сценарий” номинациясына ие болды. Жауапты сынып жетекшілері: Тенгибаева Регина Канатовна, Спиридопуло Василина Сергеевна ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
“Батырлар сөйлейді…”
02
мамыр
2025
“Батырлар сөйлейді…”
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жыл толуына орай “Батырлар сөйлейді…” атты қалалық әлеуметтік жобаға N110 мектеп- гимназияның 4ж,4з сынып оқушылары қатысып “Үздік сценарий” номинациясына ие болды. Жауапты сынып жетекшілері: Тенгибаева Регина Канатовна, Спиридопуло Василина Сергеевна.
"Плановая общегородская сейсмотренировка"
30
сәуір
2025
"Плановая общегородская сейсмотренировка"
В целях дальнейшего совершенствования территориальной подсистемы гражданской защиты города Алматы, подготовки органов управления, сил и средств служб гражданской защиты города к действиям при возникновении разрушительного землетрясения в городе Алматы, в школе-гимназии N110 30 апреля 2025 года в 11:00 часов прошла плановая общегородская сейсмотренировка.