Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Спорттық жарыстар
28
қазан
2025
Спорттық жарыстар
"25-қазан – Республика күніне орай №110 мектеп-гимназияда спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, салауатты өмір салтын насихаттайды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! 🏆
25 қазан Республика күні
28
қазан
2025
25 қазан Республика күні
25 қазан -Республика күніне орай 7 сыныптар арасында Гимн орындалды. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерге деген құрметін, патриоттық сезімін айқын көрсетті.
"25 қазан - Республика күні"
28
қазан
2025
"25 қазан - Республика күні"
"25-қазан — Республика күніне орай бастауыш сынып оқушылары тамаша бейнероликтер дайындады. Балалардың отанға деген сүйіспеншілігі мен шығармашылығы ерекше қуантады. Республика күні құтты болсын!
«Қарттарым – асыл қазынам"
28
қазан
2025
«Қарттарым – асыл қазынам"
2025 жылдың 17 қазанында №110 мектеп-гимназиясында «Қарттарым – асыл қазынам» атты аға буын өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға 15 қадірменді қонақ қатысты. Мектептің кіреберісінде қонақтарды домбыра оркестрі күтіп алды. Мерекелік концерт пен «Блиц-сауалнама», «Әнді жалғастыр» сияқты ерекше форматтағы шаралар ұйымдастырылды. Қонақтар жас ұрпаққа өздерінің тілектерін, ақ баталарын айтты. Мектеп ұжымы оларға алғысын білдіріп, сыйлықтар мен салтанатты дастархан ұйымдастырды. Ұрпақтар сабақтастығы
«Шәкіртке бағыт – ұстазға құрмет» атты әдеби-сазды кеш
22
қазан
2025
«Шәкіртке бағыт – ұстазға құрмет» атты әдеби-сазды кеш
№110 мектеп-гимназиясында Ұстаздар күніне орай «Шәкіртке бағыт – ұстазға құрмет» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жүрекжарды өлеңдер, әсерлі әндер, көріністер мен құттықтаулар арқылы жеткізді. Кештің мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары болды. Мерекелік бағдарлама ұстаздың еңбегін дәріптеп, шәкірт пен мұғалім арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етті.
Ұстаздар күніне орай оқушылардың дайындаған креативті видеолары
07
қазан
2025
Ұстаздар күніне орай оқушылардың дайындаған креативті видеолары
Ұстаздар күніне орай оқушылардың дайындаған креативті видеолары – алғыстың, құрметтің, ризашылықтың жарқын көрінісі болды. Әр бейнероликтен ұстазға деген ыстық ықылас, шынайы сезім мен шығармашылық шеберлік сезіліп тұр. Жас жүректердің осындай ізгі ниеті – ұстаз еңбегінің еленгені деп білеміз. Барша оқушыларға алғыс білдіреміз! 💐📹✨
«Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі
07
қазан
2025
«Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі
Қарттар күніне орай №110 мектеп-гимназиясында «Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге, қарттарды қадірлеуге тәрбиелеу және олардың өмірлік тәжірибесіне деген құрмет сезімін арттыру. Көрме барысында оқушылар өздерінің жүрек жылуымен салған шығармашылық туындыларын ұсынып, қарттарға деген ыстық ықыластарын сурет тілімен жеткізе білді.
"Ұстаздар күніне видео құттықтау"
01
қазан
2025
"Ұстаздар күніне видео құттықтау"
Бастауыш сынып оқушылары Ұстаздар күніне орай жүрекжарды тілектерін арнап, құттықтау бейнеролик түсірді. Балалардың шынайы алғысы мен жылы лебіздері ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
“Еңбек түбі – береке” челлендж
01
қазан
2025
“Еңбек түбі – береке” челлендж
“Еңбек түбі – береке” челленджі аясында №110 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы баршаңызды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтайды! Еңбек – табыстың, берекенің бастауы. Еңбек еткен елдің еңсесі биік, болашағы нық. Әрбір еңбектің артында маңдай тер, төзім мен табандылық жатыр. Еңбектің бағасы – елдің алғысы!
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай сынып сағаттары
01
қазан
2025
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай сынып сағаттары
№110 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — Абай мұрасын насихаттау, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру.